Әлеумет

Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан



Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «ALEM» заманауи би балеті «Mūra» пластикалық спектаклін көпшілікке ұсынды.

«Mūra» заманауи қойы­лымы ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының бірқатар реформаларды жүргізген тарихи оқиғаларына арналды. Реформаларында білім мәселесін кеңінен көтерген қазақ зиялыларының қызметі – ұрпақ үшін үлгі.

«Mūra» заманауи эксперименталды спектаклі «Bastau», «Jüie», «Mädeniet kody», «Ün», «Üstel» («Tolqyn»), «Jamylğy», «Saule» («Jastyq»), «Besık», «Altybaqan», «Quat», «Öşpes mūra» атты 11 бөлімнен тұрады.

– Бұқараға бостандықты сезінудің сырын би арқылы жеткізуге тырыстық. «Mūra» – тарихи оқиғалардың дәстүрлі түрде қайталануы емес, адамның еркіндікке ұмтылуының көрінісі. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан спектакльдің ерекшелігі – асыл мұраның қазіргі заманға сай түрлендіріп, жас ұрпақ арасында насихаттау, – деді «Alem» би балетінің көркемдік жетекшісі және спектакльдің хореографы Анель Ислямова.

Хореографиялық қойы­лым заманауи композиторлардың музыкалық шығармаларымен сүйемелденді.


Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button