Мәдениет

Айбарлы әуен



Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, әскери дирижер Талғат Бердығұловтың «Бірлік әуені» концерті өтті.

Мемлекеттік күзет қызметі ұйымдастырған кеште Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздің комитетінің Шекара қызметінің және Әскери патриоттық қызметі басқармасының ансамбльдері, Ұлттық әскери-патриоттық орталығының орталық әскери оркестрі мен орталық ансамблі, Ұлттық ұланының үлгілі көрсетімді оркестрі мен ансамблі, Мемлекеттік күзет қызметінің Президент оркестрі өнер көрсетті.

Кештің құрметті қонақтары қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласы эстрадалық-симфониялық оркестрінің жетекшісі Александр Беляков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, «Астана-Опера» театрының солис­тері – Жанат Шыбықбаев пен Жаннат Бақтай, ­Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Медет Салықов пен Аллажар Қайбар қатысты.

Рухты музыка мен айбарлы әуен салтанат құрған кеште өнер ұжымдарына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Әкім Мұхатжанов, Тілек Ерғалиев, Сүйінбай Қазбаев, халықаралық конкурстардың лауреаты Жанат Абылқасымов сынды дирижерлер жетекшілік етті.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button