Елорда тынысы

Бірлік пен татулықтың отаны



Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақстан – бірлік пен татулықтың Отаны» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оған Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Астана қаласындағы «Ассамблея жастары» өкілдігінің мүшелері қатысты.

Іс-шараға Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің про­фессоры, тарих ғылымдарының докторы Тілеген Садықов модераторлық етті.

Жиын барысында қатысушы спикерлер бірлік пен келісім тақырыбында баяндама жасап, Қазақстан халқы ассамблея­сының мақсаты мен міндеті және бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастырудағы оның рөлі жайлы әңгіме қозғады.

Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдық бөлімшелерінің бірі болған ғылыми-сараптамалық топтың негізгі міндеті – этносаясаттың өзекті бағыты бойынша ҚХА қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button