Мәселе

Газ баллон – қауіп көзі



Газ жабдықтарын күнделікті тұрмыста пайдалану қалыпты жағдай болып қалды. Алайда оны пайдалану ережелері туралы еш ұмытуға болмайды. Өйткені оның ақаулығы немесе оны дұрыс қолданбау нағыз қайғылы жағдайға себеп болуы мүмкін. 

Қазіргі таңда газ баллон әсерінен болып жатқан өрт саны аз емес. Жыл сайын газ баллон қондырғыларының жарылуы себебінен 30-ға жуық оқиға тіркеліп, 10-ға жуық адам қаза тауып, 50-ге жуық адам жарақат алады. Ол елеулі мүліктік шығындарға, адамдардың ауыр жарақат алуына және қаза болуына әкеп соғуы мүмкін. Мысалы, ағымдағы жылдың 5 тамызында Астана қаласының «101» өртке қарсы қызметіне газ баллонының жарылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Нәтижесінде үш адам (олардың екеуі – бала) ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Осындай оқиғаларды болдырмау үшін Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрмыстағы газ баллонды дұрыс қолдану ережелерін сақтауын сұрайды:

– Баллондарды сақтау орнының айналасында 10 ­м қашықтықта жанғыш материал­дарды сақтауға және отпен жүргізілетін жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді;

– Баллондар орналастырылатын шкафтар жанбайтын материалдардан жасалады;

– Жанғыш газдары бар баллондар оттегі, сығылған ауа, хлор, фтор және улы газдары бар баллондардан бөлек сақталады;

Газ оны дұрыс пайдаланбаған жағдайда ғана қауіпті. Егер жағдай бақылаудан шықса, «101», «112» телефоны арқылы өртке қарсы қызметіне хабарласу керек.

Е.ПОЛАТОВ, Астана қаласы

Төтенше жағдайлар  департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау Лейтананты




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button