Елорда тынысы

Депутаттар тұрғындарды қабылдайды



Астана қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаттары, өз партиялары мен жұмыс орындарының қоғамдық қабылдауларынан бөлек, азаматтарды Бейбітшілік, 9 (1-қабат) мекенжайы бойынша бұрынғы орталық әмбебап дүкені ғимаратында қабылдайды. Бұл туралы мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Әр депутаттың жеке кес­тесімен елордалық мәслихаттың www.maslihat01.kz сайтындағы «Астана қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаттарының азаматтарды қабылдау кестесі» айдарында таныса аласыздар. Елордалық мәслихат төрағасы азаматтарды апта сайын әр бейсенбі күні қабылдайды. Азаматтарды қабылдауға жазылуды қалалық мәслихат аппараты кеңсесінің қызметкері 55-54-83, 55-66-31 телефондары арқылы жүзеге асырады. Қызметкер өтініш берушінің деректерін және мәселенің қысқаша мазмұнын өңдеп, содан кейін келушілерді есепке алу карточкасы арқылы тіркейді» деп түсіндірді Е.Каналимов.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button