Елорда тынысы

Елді мекендер мәселесі назарда



Елордада 16 елді мекенде шамамен 345 мың адам тұрады, яғни бұл – Астананың әрбір 4-тұрғыны деген сөз. Бұл елді мекендерде абаттандыру мәселелерімен қатар жүйелі мәселелер де бар, олар – электр жүйесі, су, нөсер кәріздері, жылыту мен әлеуметтік нысандардың құрылысы және тағы басқалары бар.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елді мекендерді жүйелі дамыту жолында жұмыс жүргізіп келеміз. Мәселен, тұрғын алаптарын 42 шақырым сумен, 17 км және 11 км нөсер кәріздермен 3,2 шақырымнан астам электр және 680 шақырым газбен жабдықтау желілерін салдық» деді Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Елді мекендерде 4 білім беру нысанын, 2 спорт кешенін, 300 аула мен қоғамдық кеңістікті және 117 шақырымнан асатын 250 көшені жөндеп салдық, сондай-ақ 3,7 мың жарықтандыру тірегін орнаттық» деді елорда әкімі.

– Бұл – жай сандар ғана емес, бұл елді мекендерде тыныс-тіршілікті жақсартуға мүмкіндік беретін үлкен жүйе­лі жұмыстардың нәтижесі. Бірақ, әрине, күннен күнге өсіп жатқан елорда үшін бұл жеткіліксіз, елді мекендерді дамыту бағытындағы жұмыс­тарды әлі де жалғастыратын боламыз. Кездесулердің бірінде «Үркер» елді мекенінің тұрғындары «сол жағалаудың жарығына тамсанамыз» деген болатын. Ендеше, шет аймақтардағы тұрғындарға да өмір сүруге қолайлы жағдай туғызуымыз қажет.

«Ағаш отырғызу учаскесі» (ЛПУ) елде мекеніне жеке тоқталып кетсем, – деді қала әкімі өз сөзінде. Бұл аумақта 400-ден астам адам тұрады. Кездесуде сондай-ақ су мәселесі де көтерілді. Өйткені бұл елді мекен пайда болғалы бері тұрғындарға су құбыры тартылмаған, адамдар суды қолымен тасуға мәжбүр, өте қолайсыз жағдай қалыптас­қанын айтуымыз қажет. Осы орайда жобаны жасап, қазір орталық су құбыры мен кәріз желілерінің құрылысын бастадық.

А.Көлгінов келесі жылдан бастап аталған елді мекенді газдандыру бойынша жобаны дайындауды жоспарлап отырғанын айтты. Сонымен бірге тұрғындарға ең қажет әлеуметтік нысанның бірі – балабақша салу керектігін жеткізді. Тұрғындармен кездесуде өзекті тағы бірқатар мәселелер кеңінен талқыланды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button