Мәдениет

«Жанымды тербеткен әуен»



Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның камералық хоры ­қазақ композиторларының шығармашылығына және халық ән мұрасына негізделген «Жанымды тербеткен әуен» атты жаңа бағдарламаны көрерменге ұсынды.

«Астана Опера» театрының Күләш Байсейітова атындағы камералық залында өткен концерттік бағдарлама бірнеше жыл бұрын үлкен сахнада қойылған болатын. Бұл жолы бағдарламаға өңдеуші Ерболат Абылаймен осы жобаға арнайы өңделген жаңа туындылар енгізілді. Камералық хордың көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Гүлмира Құттыбадамованың айтуынша, концерттің идеясы – көңіл түкпірінен шығатын, жүректі тебірентетін ретро әндерді, ата-анамыздың жас­тық шағы, балалық шағымыз, халқымыз шырқайтын әндерді еске алу.

Кеш бағдарламасында ХХ ғасырдың хит әндеріне айналған Т.Ізтаевтың «Нұрикамал», Н.Тілендиевтің «Куә бол», И.Жақановтың «Жайлаукөл кештері», М.Омаровтың «Анашым», Ә.Бейсеуовтің «Мұңайма» және «Ауылым», Шәмші Қалдаяқов әндерінен және «Дос-Мұқасан» ансамблінің репертуарынан попурри, А.Зацепиннің «Мама», «Гүл Алматы» әндерінің хор өңдеулері алғаш рет орындалды.

Отандық хор музыкасы – камералық хор бағдарламаларының басым бөлігі.

Камералық хор – халық­аралық байқаулардың жеңімпазы және Латвия, Венгрия, Қытай, Португалия, Австрия, Түркиядағы халықаралық ­фестивальдердің қатысушысы. Камералық хордың бас хормейстері – ­Данара Ташатова, концертмейстер – Гүлден ­Базыкен.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button