Қала мен Сала

Жарықтандыру жүйесі жаңартылды



Елордада көшелерді жарықтандыру жүйесі жаңартылып, тұрғындардың ыңғайлы әрі қауіпсіз қалада өмір сүруіне барлық жағдай жасалуда.

Биыл Алматы ауданы бойынша 8126 қайта жарықтандыру жүйесі жаңартылды, оның  2728-і аулаларға және 5398-і негізгі көшелерге жарық беріп тұр. Алматы ауданы әкімдігі тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ерлан Сәрсекеевтің айтуынша, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыс аз емес.

– Тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміздің бірі. Аудан аумағы күн сайын нұрлануда. Біздің алдымызға тұрғын үй алаптары бойынша дәл осы мәселе қойылған болатын. Осы жылдың соңына дейін жұмыс әлі де жалғасады. Алдағы уақытта аудан аумағындағы Айнакөл, Ғ.Мүсірепов, С.Нұрмағамбетов көшелерінде жаңа жарық нүктелерін орнатуды жоспарлап отырмыз, – деді Е.Сәрсекеев.

Сонымен қатар елордадағы Жерұйық-2, Қордай (Айнакөл көшесінен Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі жерді алып жатқан Қордай көшесінде), Обаған және Астана-Қарағанды тасжолынан гольф клубына дейінгі аралықта орналасқан Х.Болғанбаев көшелерінде сыртқы жарықтандырудың жаңа желілері пайда болды. Осы аумақта жалпы саны 133 тірек пен шам пайда болды. Мамандардың мәлімдеуінше, биыл аудан бойынша барлығы 368 аулада сыртқы жарықтандыру жаңартылды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button