Елорда тынысы

Желілердің дайындығын тексерді



Астаналық мәслихат депутаттары алдағы қысқы жылыту маусымына дайындық аясында жылумен жабдықтау жүйелерінің, соның ішінде жылу электр орталықтары жабдықтары мен жылу беру желілерінің дайындығын тексерді. Бұл туралы мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов мәлім етті.

«Сонымен қатар резервтік және апаттық жүйелердің дайындығы бағаланды. Тексеру нәтижелері дайындық деңгейін анықтауға және қыс мезгілінде сенімді және үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайда қосымша іс-шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Қыстың суығына қарамастан, өткен жылғы жылу беру маусымы ескертусіз өткізілді, апаттық жағдайларға жол берілген жоқ және ең бастысы өндірістік жарақат алу жағдайлары болған жоқ. Кәсіпорында біліктілікті арттыру үшін барлық жағдай жасалған, қазіргі заманғы денсаулық сақтау пункті ашылды. Ал кеше 24/7 режимінде жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлері үшін екі деңгейдегі фитнес орталығының ашылу рәсіміне қатыстым» деп жазды Е.Каналимов.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button