Мәдениет

Республика күніне арналды




Елордада Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Республика күніне арналған «Астана кубогы» ашық қалалық футбол турнирі өтті. 2014 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен жарысқа 10 команда қатысты.

«Жарыс жалауы ұлттық мереке – Республика күніне орай көтерілді. Мерекелік жарысқа 9-10 жастағы балаларды қатыс­тырдық. Бұл жарысты күнтізбелік жоспарға енгізіп, дәстүрлі жарысқа айналдырамыз» деді жарыстың ашылу салтанатында қалалық №8 балалар және жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы Дінмұхамед Курамаев.

Тартысты әрі қызықты өткен ойындардың нәтижесінде «Спарта» командасы турнир жеңімпазы атанды. Екінші орынды №8 балалар және жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің футболшылары иеленсе, «Футниндзя» командасы үздік үштікті түйіндеді.

Жеңімпаз және жүлдегер командалар жарысты ұйымдастырушы қалалық №8 балалар және жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі атынан тағайындаған бағалы сыйлықтармен, дип­ломдармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды. Сонымен қатар Азамат Төкен үздік ойыншы, Бекзат Құрбантай үздік қақпашы, Инал Сұлтанов үздік қорғаушы номинациялары бойынша үздік танылып, естелік сыйлықтар алды. Осылайша елордада Республика күніне арналған спорттық шаралар басталып кетті.

 


Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button