Қала мен Сала
Сан апаттан арашалаған…
Кеше елімізде Құтқарушылар күні аталып өтті. Осы күнге орай Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов аталған салада еңбек етіп жүрген азаматтарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
– Құтқарушылардың көпшілігі өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, кәсіби борышын мінсіз атқарып келе жатыр. Бұл теориялық және тәжірибелік базаны қажет етеді. Кейде құтқарушылар мыңдаған адамның өмірін сақтау үшін өз өмірін құрбан етеді. Осы үшін де мұндай азаматтарды бүгінгі заманның батыры деуге болады. Қиын жағдайда қалған адамдарға жаңа мүмкіндік сыйлайтын да құтқарушылар. Бәріңізге зор денсаулық, ашық аспан, бақ-береке тілеймін! – деді мәслихат хатшысы.