Басты ақпаратЕл тынысы

Түркістаннан жеткен сый



Елорда тұрғындарының саны көбейген сайын азық-түлікке деген сұраныс та арта түскені анық. Осы жағдайды ескерген Астана қаласының әкімдігі елордада өңірлер жәрмеңкесін өткізуді дәстүрге айналдырған. Биылғы күзгі азық-түлік жәрмеңкесін Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер бастады. Өткен демалыс күндері оңтүстік өңір диқандары елордаға 556 тонна өнім әкелді. Астанада өтетін өңірлер жәрмеңкесінің басты ерекшелігі – өнімдер нарықтағыдан төмен бағамен сатылады.

Бас қалада өткен сенбі-жексенбі күндері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін Түркістан облысының шаруалары бастады. Жәрмеңкеге 80-нен астам тауар өндірушілер өзімен бірге 556 ­тоннаға жуық өнім алып келді.

Астана тұрғындарына көкөністер, жемістер, балық, ет, сүт және басқа да өнімдер ұсынылды. Жоғарыда аталған өнімдердің құны нарық бағасынан төмен.

«Мен үшін бұл, ең алдымен, қолжетімді баға және жақсы таңдау. Сіз мұнда әлдеқайда арзан өнім сатып аласыз. Жәрмеңкенің қаланың бірнеше нүктесінде өткенін қалаймын. Себебі барлығына оған ыңғайлы жетуге мүмкіндік болар еді» дейді қала тұрғыны Әсем Орсаева.

Ұйымдастырушылар келесі аптада жәрмеңкеге Жамбыл және Атырау облыстарынан көкөніс, балық өнімдері әкелінетінін хабарлады. Тұрғындар тиімді бағамен азық-түлік сатып алып қана қоймай, концерттік бағдарламаны да тамашалайды. Жәрмеңке әр демалыс күндері 2 қыркүйектен 29 қазанға дейін ҚазҰӨУ алдындағы Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайы бойынша өтеді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button