Қала мен Сала

Фандрайзинг семинары



Астанада «Үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері үшін халықаралық донорлармен фандрайзинг және шетелдік қаржыландыру туралы есеп беру» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өтті.

Халықаралық донорлармен жұмыс істеу принциптері мен ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында өткен семинарға ұйымдардың басшылары, жобалау және қаржы менеджерлері, бас­таушы фандрайзерлер, жаңа ҮЕҰ өкілдері қатысты.

«ИНМИР» ҚҚ директоры, эдвокаси-маман Светлана Ушакова қатысушыларға халықаралық донорлармен өз ұйымының мақсаты үшін фандрайзинг өткізуге да­йындау туралы түсіндірді. Спикер бастапқыда семинардың мақсатын түсіндіріп, шетелдік қаржыландыруды тарту үшін ең алдымен не істеу қажет екеніне тоқталды.

– Фандрайзинг дегеніміз – әлеуметтік маңызы бар міндеттерді, мәдени жобаларды жүзеге асыру немесе ұйымның бар болуын қолдау үшін үшінші тарап ресурсын тарту. Бір қарағанда, оның инвестор іздестіруден айыр­машылығы байқалмайды. Негізгі ерекшелігі инвесторды негізгі қор құру үшін ұзақ мерзімге тартады және де инвестициядан түсетін пайданы ұзақ мерзімге жоспарлайды. Ал фандрайзингте қаржыны негізгі қор құру үшін емес, жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін жұмылдырады. Болашақ серіктестерді анықтау, оларды өз жобаларыңызға тарту үшін толық негізделген жоспар әзірлеу шарт. Яғни алдымен ұйымның миссиясын анықтап, стратегиялық жоспарлау қажет, – дейді Светлана Ушакова.

Сондай-ақ маман донорлармен қарым-қатынас орнату, сәтті өтінімді қалай жазуға болады және шетелдік қаржыландыру бойынша есептілік туралы түсіндірді

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button