Қала мен Сала

Эпидемиологиялық ахуал қандай?



Елордада эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.

– Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елордадағы инфекция­лық, паразиттік, карантиндік және аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланады. Бұл ретте 1 жасқа дейінгі нәрестелерді, 1 жастағы сәбилерді, 6-7 жас аралығындағы балалар мен 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді барлық инфекцияға қарсы егумен уақытылы қамту көрсеткіштері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талап етілген көрсеткіштеріне жетті, – деді Сархат Бейсенова.

Бүгінгі таңда Астанада А вирустық гепатитінің 48 жағдайы тіркелген. Оның 11-і вакцинацияланбаған балалар арасында, яғни ата-аналардың профилактикалық екпелерден бас тартуына байланысты болып отыр.

Бас санитардың айтуынша, соңғы 2 жыл ішінде елордада қызылша тіркелмеді, ал ағымдағы жылы наурыз айынан бастап 14 жасқа дейінгі 6 баланың арасында қызылшаның расталған 7 жағдайы тіркелді. Барлық ауырған бала, ата-аналарының бас тартуына байланысты, қызылшаға қарсы екпе алмаған. Туберкулезге және В вирустық гепатитіне қарсы жаңа туған нәрестелерді, сондай-ақ бір жарым жастағы балаларды медициналық ауытқуларға және негізінен вакцинациядан бас тартуға байланысты оңтайлы қамтуға қол жеткізілмейді.

– Жоспарлы иммундаудың төмен қамтылуы, профилактикалық екпелерден бас тарту санының өсуі, негізсіз медициналық ауытқулар халықтың иммундық емес қабатының вакцинамен басқарылатын инфекцияларға жиналуына әкелуі мүмкін, бұл өз кезегінде осы инфекциялардың өсуі мен таралуы үшін қолайлы жағдай жасайды. 2023 жылға арналған бекітілген, жоспарға сәйкес, ауыз су сынамаларын іріктеудің 40 бақылау нүктесінде және 39 бақылау нүктесінде атмосфералық ауаның ластану дәрежесін бағалау үшін мониторинг жүргізіледі. Мониторинг шеңберінде атмосфералық ауаның 3582 сынамасы зерттелді, ШРК артуы келесі ингредиенттер бойынша 380 сынамада күкіртсутек, күйе, шекті көмірсутек, азот диоксиді, көміртегі оксиді, күкірт диоксиді анықталды, – деді Астананың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Астана қаласы өткен жылдан бері «жасыл» аймақта тұр. Сырқаттанушылық көрсеткіші өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 52,7 есеге, яғни 6971,1-ден 139,3-ке дейін төмендеді. Қазіргі уақытта тәулігіне 5-тен 15-ке дейін жағдай тіркеледі, ауру ересектер арасында да, балалар арасында да байқалады

Ауа райының жылынуымен ашық су айдындары, атап айтсақ, Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендері мен Астана су қоймасы суының сапасына мониторинг жүргізу жоспарланған, ол үшін 20 бақылау нүктесі, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарында, рекреация аймақтарында және нөсерлі сарқынды суларды шығару орындарында белгіленген.

Елорданың санитарлық қызметі инфекциялық аурулардың, оның ішінде қызылша мен А вирустық гепатитінің таралуын болдырмау үшін профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді, олар бойынша соңғы уақытта өсім байқалады.

– Жұқпалы аурулар мен тамақтан уланудың топтық жағдайлары тіркелген жоқ. Санитарлық қызмет тұрақты негізде жүргізетін жұқпалы аурулар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың арқасында 4 нозология бойынша жағдайлардың төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Мысалы, скарлатин – 44%, желшешек – 33%, энтеробиоз және педикулез – 32%. Сондай-ақ, 4 аурудың көрсеткішін өткен жылдың ұқсас кезеңінің деңгейі сияқты ұстап қала алдық. Олар: туберкулез, серозды менингит, В және С гепатиттері, – деді Сархат Бейсенова.

Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Астана қаласы өткен жылдан бері «жасыл» аймақта тұр. Сырқаттанушылық көрсеткіші өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 52,7 есеге, яғни 6971,1-ден ­139,3-ке дейін төмендеді. Қазіргі уақытта тәулігіне 5-тен 15-ке дейін жағдай тіркеледі, ауру ересектер арасында да, балалар арасында да байқалады. Елорданың санитарлық қызметі инфекциялық аурулардың, соның ішінде соңғы уақытта шағын өсім байқалған қызылша мен А вирустық гепатитінің таралуын болдырмау үшін профилактикалық жұмысты тұрақты негізде жүргізуде.


Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button