Елорда тынысы

Өңірлік дамуды ілгерілететін бастама



21 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі апталығы аясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Министрлер кеңесінің бейресми отырысы өтеді. Отырысқа Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу төрағалық етеді.

Айта кетерлігі, Қазақстан 2020 жылдан бері АӨСШК-нің төрағасы міндетін атқарып келеді. Жиын барысында АӨСШК Бас хатшысы, елші Қайрат Сарыбай АӨСШК-нің қызметі туралы баяндама жасайды. Жоспар бойынша Министрлер кеңесі ұйымды нығайтуға және Азияның жаңа жаһандық рөліне бейімдеуге бағытталған реформалардың сегіз нақты бағытын көрсететін АӨСШК Трансформациясының жол картасын бекітеді. Біртіндеп трансформациялау үдерісі 2022 жылы қазанда Астанада, Қазақстанның 1992 жылы БҰҰ қабырғасында ұйымды құру бастамасына 30 жыл толу мерейтойы құрметіне орайластыра ұйымдастырылған АӨСШК алтыншы саммитінде басталған-ды.

Жол картасы ұйым жар­ғысын әзірлеу, ынтымақтас­тықтың жаңа бағыттарын іздеу секілді ашық және толық емес тізбесі бар трансформация үдерісінің құрылымдық күн тәртібі мен жетекші құжаты ретінде қызмет етеді. Сондай-ақ АӨСШК, бюджет және кадр реформасы және басқа да тақырыптар қамтылады.

Сондай-ақ министрлер АӨСШК-нің азаматтарды, әсіресе жастар арасында волонтерлік қызметке белсенді қатысуын қолдау және ынталандыру бойынша мүлдем жаңа бағытқа күшті саяси серпін беретін волонтерлік қызметті ілгерілету туралы мәлімдемені қабылдайды.

Министрлер кеңесінің мүшелері АӨСШК-нің одан әрі институционалды дамуының перспективалары туралы пікір алмасады. Ұйымды трансформациялау бойынша алғашқы практикалық қадамдарға егжей-тегжей тоқталады. Сондай-ақ ағымдағы күн тәртібіндегі басқа да маңыз­ды мәселелер талқыланбақ.

Министрлер кеңесі саммиттен кейінгі АӨСШК-нің екінші жоғары басқару органы саналады. Кеңес саммит шешімдерін іске асыруға, АӨСШК-нің ағымдағы қызметін және АӨСШК аға шенеуніктердің комитеті оған енгізген барлық мәселелерді қарауға жауапты. Түрлі деңгейдегі консультациялар және АӨСШК күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button