Елорда тынысы

Астанада модульдік бекеттер ашылды



Елордада «JOLTAP» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» ­модульдік бекеттері ашылды. Елорда тұрғындары мен өтініш ­білдірушілердің бәрі мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде тегін кеңес ала алады, жекелеген мамандықтар, цифрлық дағдылар (фрилансқа арналған мамандықтар) бойынша курстан өтіп, жұмыс таба алады. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

«JOLTAP» жобасы аясында елордада барлығы 10 «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункті жұмыс істейтін болады. Алғашқы бес модульдік пункт мына мекенжайларда жұмысын бастады:

– Жастар сарайы, Республика даңғылы, 34;

– «Ailand» СОО, Қорғалжын тасжолы, 2;

– «Встреча» СҮ, Абылай хан даңғылы, 31;

– «Азия Парк» СОО, Қабанбай батыр даңғылы, 21;

– «Тұлпар» СО, Ш.Уәлиханов көшесі, 24.

Модульдік пункттер күн сайын сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Сол сияқты «JUMYS TAP» Telegram-бот бар» деп жазды қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қала әкімі «JOLTAP» жобасы Мемлекет басшысының өнімді жұмыс орындарын құруға баса назар аудара отырып, белсенді әлеуметтік саясаттың қажеттілігі туралы тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылып жатқанын айтты. Оның айтуынша, жоба құралдары, тұтастай алғанда, қазіргі әлеуметтік реформаларға тиімді қосымша.

«Жобаға қоғамдық тамақ­тану, сауда, құрылыс, көлік және қызмет көрсету салаларындағы ірі бизнес өкілдері мен сала көшбасшылары жұмылдырылды. Жобаның бірлескен операторы – «Жаңа мүмкіндік» қоғамдық қоры. Барлық модульдік пункт­терді «Халық» қоры ұсынды» деп түсіндірді әкім.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button