Мәдениет

«Астана» – конференция лигасында



УЕФА аясындағы клубтық жарыстардың іріктеу ойындары аяқталып, топтық турнирлерге қатысатын командалар белгілі болды. «Астана» командасы Конференция лигасында ойнайтын болды.

«Астана» 2024 жылғы УЕФА аясындағы іріктеу жарыстарын Чемпиондар лигасында бастаған еді. Бірінші кезеңде «Динамо» (Тбилиси) командасын жалпы есепте 2:1 есебімен ұтқанымен, екінші кезеңде «Динамо» (Загреб) командасынан екі ойынның қорытындысында 0:6 есебімен оңбай жеңілді. Одан кейін «Астана» Еуропа лигасының үшінші кезеңінде ойнап, Болгарияның «Лудогорец» командасынан жалпы есепте 3:6 есебімен ұтылып, Конференция лигасының плей-офф кезеңіне түсті. Ал, бұл сында Қазақстан чемпионы Албанияның «Партизани» клубын алдымен Астанада 1:0 есебімен ұтып, қарымта ойында 1:1 есебі тіркеліп, лиганың топтық турниріне жолдама алды.

Кеше өткен жеребе тартуда «Астана» Хорватияның «Динамо», Чехияның «Виктория», Косовоның «Балкани» командаларымен ойнайтыны белгілі болды.


Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button