Елорда тынысы

«Астана» қалай ұтылды?



Футболдан Қазақстан чемпионатының алтыншы турында «Астана» өз алаңында алматылық «Қайрат» командасын қабылдап, жеңілістің ащы дәмін татты.

«Астана Арена» стадионына жиналған жанкүйер бұл ойында астаналықтардың жеңетініне өте сенімді болатын. Өйткені «Қайрат» соңғы ойындарында мардымсыз ойын көрсетіп жүргені, есесіне «Астананың» бабына келгені байқалатын. Алайда «доп-домалақ» дегендей, «Қайрат» бұл жолы астаналықтардың адымын аштырмады. Өте тартысты өткен ойында қонақтар алаң иелерінің қақпасына жауапсыз үш доп соғып кетті.

Алтыншы турдың нәтижесі: «Ақтөбе» – «Атырау» 4:0, «Ордабасы» (Шымкент) – «Тобыл» (Қостанай) 4:1, «Шахтер» (Қарағанды) – «Мақтаарал» (Атакент ауылы, Түркістан облысы) 3:0, «Каспий» (Ақтау) – «Оқжетпес» (Көкшетау) 2:1, «Астана» – «Қайрат» (Алматы) 0:3, «Ақсу» – «Қызылжар» (Петропавл) 0:2, «Жетісу» (Талды­қорған) – «Қайсар» (Қызылорда) 0:2.

Әзірге турнир кестесін 18 ұпай еншілеген «Қызылжар» командасы жеке-дара бастап келеді. Екінші орында – «Ақтөбе», ал үшінші сатыда «Ордабасы» тұр.

Жетінші турдың ойындары бүгін және ертең өтеді. «Астана» сырт алаңда ойнайды. Қарсыласы – «Қайсар»


Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button