Мәдениет

Ата заңға арнады



Бас қаладағы «Отан қорғаушылар» монументі алаңында Алматы ауданының ардагерлер кеңесі Ата заң күні құрметіне флешмоб өткізді. Оған 300-ден аса ата-әже қатысты.

Қариялар біркелкі ұлттық киіммен шығып, алаңды жайнатып жіберді.

– Былтырғы референдумда бүкіл халық, оның ішінде ардагерлеріміз де қатысып, Ата заңның үштен бір бөлігіне өзгеріс енгізілді. Ол Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құруына, экономикамызды жаңғыртуына бағытталды. Маңызды іске ардагерлеріміз де белсенді атсалысты. Міне, бүгін сол Конституциямызды қолдау үшін үлкен іс-шара ұйымдастырылды. Менің риза болатыным – 70-80 жастағы қариялардың белсенділігі. Міне, тойға келгендей жиналып, көз қуантып тұр, – деді Алматы ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Мұстафин.

«Ауқымды іс-шара қалада алғаш рет өтіп отыр. Оған мен «Елорда» халықтық қор жетекшісі және Алматы ауданы Ардагерлер кеңесінің мүшесі ретінде қатысып отыр­мын» деді Үміт Дүйсенова.

«Ардагерлердің ішінде өнерпаз да, спортшы да бар. Олардың үйде отырып қалмай, осылай көпке үлгі-өнеге болғаны ғанибет емес пе?!» деді ардагер.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button