Мәдениет

Ақмарал – әлем үздігі



Ұлыбританияның Бирмингем қаласында IBSA Дүниежүзілік ойындары өтуде. Бұл Паралимпиада ойыны – байрақты, бәсекелі, беделді турнир. Оған әлемнің 43 елінен 250 атлет қатысуда.

Алтыншы рет ұйымдас­тырылған бәсекеде ел спортшылары жүлдегер атанды. 48 келі салмақта сынға түскен елордалық Ақмарал Науатбек финалда украиндық Юлия Ивантскаядан айласын асырып, чемпион атанды. 73 келі салмақтағы Ерғали Шамей күміс медальмен жанкүйерлерін қуантты. Астана қаласында жаттығатын дзюдошы Ерғали финалда Румыния өкілі Флорин Болагаға жол берді. Тағы бір жерлесіміз Бауыржан Арыс­танбеков 90 келі салмақта қола медальға қол жеткізді.

– IBSA Дүниежүзілік ойын­дары әлем чемпио­натына теңестіріледі. Олай болса, біздің Ақмарал ­Науат­бек – әлем чемпионатын екі рет ұтқан спортшы. Біздің спортшылар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады, – деді Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебінің басшысы Азамат Тағаев.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button