Елорда тынысы

Баскетбол бәсекесі



Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназияда Сарыарқа ауданының тұрғындары арасында баскетболдан қалалық ашық турнир өтті.

Қалалық турнирдің ашылу салтанатына Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қатысып, сәттілік тіледі.

Қатысушы командалар жеребе бойынша топ-топқа бөлініп, командалар арасында тартысты ойындар болды. Жанкүйерлер өз командасын қызу қолдап, жарыстың көркін кіргізді.

Турнир қорытындысымен «Нұрбесік» командасы бірінші орын алды. Екінші және үшінші орынды «Көктал-2» мен «Жалын» командасы өзара бөлісті.

Ойыншылар арасында «Жалын» командасының капитаны Ерболат Есмағанбетов «Үздік қорғаушы» атанды. Бауыржан Үрбаев («Нұрбесік» командасы) – «Үздік орталық ойыншысы», Сайран Каппасова («Көктал-2» командасы) – «Үздік ойыншы», Алданыш Алдажаров («Көктал-2» командасы) «Үздік шабуылшы» атанды.

 

 

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button