Білім

Бас қалада қанша мектеп салынады?



Елордада 14 мектеп салынып жатыр, оның 11-і алдағы оқу жылында тапсырылса, төртеуі 1 қыркүйекте есігін айқара ашпақ. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жайлы мектептердің құрылысы қатар басталды. Осы ұлттық жоба бойынша 2024-2025 жылдары 24 жайлы мектеп салынады. Жаңа үлгідегі білім ошақтары екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын құруға мүмкіндік береді.

– Астанада жаңа оқу жылында жалпы саны 16 мың 600 оқушыға арналған 11 мектеп ашамыз. Олардың 4-еуі есігін айқара ашты. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен бірге бірқатар мемлекеттік және жеке мектептерді араладық, – деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Мәселен қолданыстағы №59 мектеп-лицейінің аумағында 1200 оқушыға арналған ғимарат (2 ауысымды) салынды. Оқу орны Есіл ауданында (Сауран көшесі, 5/1) орналасқан. 5 жылдан бері бұл мектепте оқыту жүйесі үш ауысымды болып келді. Жаңа корпусты салу есебінен үш ауысымды оқыту мәселесі шешілді.

– Сол сияқты №55 орта мектепке бардық. Мұнда күрделі жөндеу және абаттандыру жұмысы жүргізілді. Қала бойынша барлығы 50-ге жуық білім беру нысанында (мектептер, балабақшалар, колледждер) күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдары тағы 24 мектеп салынады. Жаңа форматтағы мектептер 90 мыңға жуық оқушы орнын (2 ауысымды) ашуға мүмкіндік береді. Мектептердің құрылысына жеке инвестициялар да тартылып жатыр. Сонымен, жаңа оқу жылының басында бірқатар білім ошақтары, оның ішінде «Spectrum», «Riviera International School by Quantum» халықаралық мектептері есігін айқара ашты, – деді қала әкімі өз сөзінде.


Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button