Қала мен Сала

Бибігүл мектебі бой көтереді



Елордада әйгілі әнші Бибігүл Төлегенова атындағы креатив мектебі бой көтереді. Бұл инвестициялық ­жобаның капсуласын қалау рәсімі өтті. Оған қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаев, даңқты әншінің өзі мен туысқандары, жобаны іске асырушылар қатысты.

Ерлан Бекмырзаевтың айтуынша, аталмыш жоба музыкалық білім мен оқушыларды дамытатын арнайы циклді қамтитын PBL Learning бірегей бағдарламасын қамтиды. 700 оқушыға арналған, сол жағалауда «Барыс Арена» спорт кешені аумағында орналасатын мектеп құрылысын 2024 жылдың үшінші тоқсанында аяқтау жоспарланған. Мектеп жанында 100 орынға арналған жатақхана салынып, ел аймақтарындағы дарынды балаларға осы мектепте оқуға мүмкіндік береді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button