Білім

Бос уақыт тиімді болсын



Астана қалалық мәслихатының отырысында қалалық Білім беру басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық, ағартушылық және мәдени іс-шараларды өткізу, есептің барлық түрлерінде тұрған кәмелетке толмағандар үшін бос уақытты ұйымдастыру туралы баяндама жасады.

Қазіргі уақытта мектептегі білім беру аясында  жүзеге асырыла бермейтін салалар бойынша балалардың танымдық қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты білім беру қызметі кеңейіп келеді.

Балалардың бойында ұлттық құндылықтарды дарыту және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында, жаңа оқу жылынан бастап бірқатар іс-шаралар өткізіліп, «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы бекітілді. Аталған тұжырымдама негізінде қосымша білім беру және білім беру ұйымдары арасында: сергіту сәті, әнұран айту, асық ату, шығарма жазу, болашаққа хат, қазақ есебі, оқуға құштар мектеп, домбыра, шахмат ойнау, жасыл мекен челлендждері жүзеге асырылып келеді.

Қосымша білім берудің маңызды көрсеткіштерінің бірі – балалардың бұқаралық спорт түрлерімен белсене айналысуы. Мектептен тыс ұйымдарда және жалпы білім беретін мектептерде спорт секцияларымен қамтылған білім алушылардың үлесі 44,5% құрайды. Осы мақсатта білім беру ұйымдарында 910 спорт секциясы жұмыс істейді.

92 білім беру ұйымдарында ашық ауада көпфункционалды спорт алаңдары (жүгіру жолдары, футбол, баскетбол және волейбол алаңдары) бар.

88 мектепте футбол алаңдары, 71 мектеп баскетбол алаңдары, 67 мектепте волейбол алаңдары, 8 мектепте стационарлық хоккей корттары, 10 мектепте теннис корттары бар.

Ұлттық ойындарды насихаттау және ұлттық спорт түрлері бойынша спорт секцияларында (қазақ күресі, тоғызқұмалақ) айналысатын балалардың санын арттыру мақсатында 2020 жылдың қазан айында «Өркен» балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының құрылымдық бөлімі «Арқа Алан» орталығы ашылды және әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша спорт секцияларында оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыру және әскери-патриоттық бағыт бойынша дене шынықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу мақсатында 2021 жылы «Жас тарлан» әскери-патриоттық спорт орталығы ашылды.

Құқық бұзушылықтың алдын алудағы маңызды алдын алу шараларының бірі –  балаларды қосымша біліммен қамту.

Білім беру ұйымдарында 2183 үйірме мен секция жұмыс істейді, онда 151 104 бала айналысады. Қала бойынша қосымша біліммен қамту 76% құрайды.

Білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары балалардың құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, суицидтік мінез-құлықтың және зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Тоқсан сайын қалада қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, мектепішілік есепке, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі топтың есебіне мониторинг жасалады. Барлық жағдайлар бойынша кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналары құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектепішілік кеңес­терге шақырылады, отбасымен және жасөспіріммен жұмыс жүргізіледі. Өмірлік қиын жағдайдағы балалар мен отбасылар анықталған кезде материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға қарау үшін жіберіледі.

Жасөспірімдер қылмысын азайту мақсатында:

2022-2023 оқу жылында үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонентіне 5-11 сыныптарда «Жаһандық құзыреттілік» курсы енгізілді. 5-8 сыныптарда курс 5 бірліктен тұрады: «Парасаттылық және этика», «Азаматтық және патриотизм», «Медиа сауаттылық және қаржылық сауаттылық», «Тіршілік қауіпсіздігі», «Экологиялық мәдениет», 9-сыныпта қосымша «Зайырлылық және дінтану» бірлігі енгізілген.

Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру үшін 87 білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджердің штат бірлігі енгізілді.

Әрбір білім беру ұйымының әлеуметтік паспорты баланың жұмыспен қамтылуын, үлгерімін, сондай-ақ қажеттіліктерін көрсете отырып, қаланың ювеналды полиция бөлімінің есебінде, мектепішілік есепте тұрған оқушылар туралы мәліметтер жасалды (бала болашақта немен айналысқысы және болғысы келеді).

Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап Астана қаласы сотының бастамасымен «Ізгілік жолы» ҚБ ведомство­аралық өзара іс-қимыл туралы меморандум шеңберінде әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі пилоттық жоба іске асырылуда.

Ювеналды инспекция және пробация органдарымен өзара іс-қимыл арқылы жобаға есепте тұрған 18 жасөспірім тартылды, оларға тұрақты негізде білікті психологиялық көмек, бұдан басқа, баланың жеке қалауына сәйкес кәмелетке толмағандарға емтиханға дайындық курстары бойынша және спорт секцияларға қатысуға көмек көрсетіледі.

Білім басқармасы Ведомствоаралық (прокуратура, сот, төтенше жағдай департаменті, денсаулық сақтау басқармасы, полиция департаменті және т.б.) диалог алаңы арқылы «Қауіпсіздік сағаты» жаңа қалалық жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында қаланың 20 мектебі мен 4 колледжінде ата-аналар жиналысы өткізілді, оған 7000-нан астам ата-ана қатысты.

Педагогтар, оқушылар және олардың ата-аналары арасында «BalaQorgau» веб-сайтының жобасы бойынша QR-кодтары бар орналастырылған ақпараттық тақтайшалар бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Қасымхан СЕНҒАЗЫЕВ,

Астана қаласы

Білім басқармасының басшысы




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button