Мәдениет

Елорда аспанында әуелейді



Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның «Кавер жастар әлемі» елордалықтарды және қала қонақтарын 30 тамыз – Конституция күніне орай мереке қарсаңында «Жасай бер, Қазақ елі» атты мерекелік концертке шақырады. Концерт 26 тамызда Тұран көшесіндегі амфитеатрда өтеді.

Концерт бағдарламасының мақсаты – қазақ эстрадасындағы өнер шеберлерінің, ән әлеміндегі ізбасарлары – жас әншілермен өзара шығармашылық ынтымақтас­тығын паш ете отырып, көрермен қауымға бір сахнада өнер көрсетіп, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлау. Ретро әуендер тыңдарман жүрегіне сағыныш сезімін ұялатып, өткен жылдарға қиялмен самғатса, жаңа заман әуендері жаңаша серпіліс, жаңа көзқарас сыйлары анық.

Жылдар жылжып аққанымен, жүрек түбінде тұнып қалған, ел жадында өшпестей ізі қалған әр кезеңнің асыл моншақтай әсем әндері Астананың айлы кешінде, ашық аспан астында әуелейді.

Кеш қонақтары: Майра Ильясова, Естай Мұқашев, Арайлым Рақым, Ұлықпан Жолдасов, Светлана Айтбаева, Алтынай Жорабаева, Зарина Омарова, Гүлнұр Оразымбетова, Ақбота Құснадин, Әкімхан Маженов, Алтыншаш Мұқатаева, Фарида Жолдасова, Айдын Жұмабаев, Парасат Отан, Мұратбек Хайролда.

Концертте үрлемелі оркестр музыканы сүйемелдейді, оның көркемдік жетекшісі – Никита Почиталин. Сондай-ақ би билеп, кешті әрлейтін «Alem» заманауи би балеті өнер көрсетеді. Көркемдік жетекшісі – Бахыт Тажинов.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button