Елорда тынысы

Ерекше балалардың ерекше мерекесі



Елордадағы «Тарлан» мұз алаңында айрықша физикалық қажеттіліктері бар балаларға арналған «Мұздағы көңілді старттар» отбасылық мерекесі өтті.  

Іс-шарада 30-ға жуық ерекше қажеттілігі бар бала ата-анасымен бірге мұз үстіндегі спорттық эстафетаға қатысты.

Мүгедектер күніне орайластырылған бұл іс-шара демеушілердің көмегімен ұйымдастырылды. Мерекелік жарыста жүлделі орыннан көрінген отбасыларына естелік сыйлықтар берілді.

Ерекше физикалық қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, отбасы мен қоғамда баланың тұлғалық дамуына жәрдемдесу, балалар үшін мазмұнды шаралар ұйымдастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген іс-шара балаларға да, ата-аналарға да жігер мен көңілді күй сыйлады.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button