Елорда тынысы

Ерлік сабағы



Астана қаласындағы І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназияда Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне арналған әскери-патриоттық іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шара мектептің кадеттер сыныбы оқушыларының сап түзеуімен, Мемлекеттік тудың енгізілуімен және Қазақстан Республикасы әнұранының орындалуымен ашылды. «Ұлы Жеңіс жаңғырығы» аталған салтанатты жиынға қатысқан оқушылар ұстаздарды, ата-аналар мен соғыс ардагерлерін мерекелермен құттықтады.

Мерекелік шара барысында мектептің «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының мүшелері өзінің әскери дайындығын көрсетті. Отан туралы өлең оқып, ән-күйден шашу шашты.

«Осындай мағыналы іс-шара ұйымдастырып, оған ардагер ретінде бізді шақырғаны үшін мектеп ұжымына алғысымыз шексіз. Балалардың өнерін көріп еліміздің келешегі баянды болатынына көзіміз жетті. Біз де жасөспірімдерге Отан қорғаудың маңызы, Ұлы Отан соғысындағы аталарымыздың батырлығы туралы айттық. Іс-шара ұрпақтар сабақтастығын көрсеткендей болды. Бұл – әскери-патриоттық тәрбиенің көрінісі» дейді мерекелік іс-шараға қатысқан ауған соғысының ардагері Құдабай Шотанов.

І.Жансүгіров атындағы мектеп-гимназиядағы іс-шара оқушылардың да, ардагерлердің де көңілінен шыққаны аңғарылды.


Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button