Қала мен Сала

Еріктілер қар күреді



Елорданың белсенді тұрғындары аулаларды қардан тазалауды бастады.

– Іс-шараға Астананың жастары, әншілер, спортшылар қолдау көрсетіп, белсенділік танытты. Олар ардагерлер үйіне барып, есік алдының қарын күреп, сыртқа шығарды, – деді Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

Астанада демалыс күндері жауған қардың мөлшері айлық нормадан асып түсті. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша ай сайынғы норма 22 см болған жағдайда, Астанада тек соңғы үш күнде 37,6 см қар жауды.

– Бүгін челлендж бастап, қарттарымызға көмек қолын созуды жөн көрдік. Сол себепті, достар, осы бастамамызға міндетті түрде қолдау көрсетсеңіздер деймін. Сөзбен емес, іспен көмек көрсетейік, – деді «Street Workout Kazakhstan» қозғалысының негізін қалаушы Айтым Жақыпов.

Қала тұрғындарын қар тазалау жұмысына атсалысуға спортшылар да шақырды.

Астанада коммуналдық қызметтер толықтай күшейтілген жұмыс режиміне ауысты. Қар күреу жұмысына күн сайын 2,2 мыңнан астам жол жұмысшы, мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

 

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button