Ел тынысы

Жақсылықты ешқашан ұмытпаймыз!



– Бірнеше жыл бұрын мені Ингушетияда өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырды, онда мен ингуштардың Қазақстандағы өмірі жайлы, ауыр күндерде жаңа өмірге қалай бейімделгені туралы баяндама жасадым. Ал баяндамамның соңында былай дедім: «Уа, Сарыарқаның Ұлы даласы, сталиндік қуғын-сүргіннің сұрапыл жылдарында бізден бас тартпай, бізге достық пен құтқару қолын созғанына мың алғысымызды айтамыз! Біз қазақ халқының ұл-қыздарының жақсылығын ешқашан ұмытпаймыз, болашақ ұрпақтарымызға халықтарымыз арасындағы достық туын биік ұстауын аманаттаймыз!

Бүкіл зал орнынан тұрып, бірнеше минут қол соқты. Одан кейін сөз алған барлық баяндамашылар менің осы сөздеріммен баяндамаларын бастады. Вайнах халқының дәстүрінде бізге жасалған жақсылықты ешқашан ұмытпайды. Міне, бүгін мен тағы да біздің халқымыздың атынан осы қиын уақытта аман қалуымыз­ға көмектескен Қазақстан Республикасының барлық халықтарына алғыс айтқым келеді. Қазақстан біз үшін екінші үйге айналды. Мен барша қазақстандықтарды байырғы халық пен мемлекетіміздің барлық этностары арасындағы қолдауды да, өзара түсіністікті де атап өтетін осынау адамгершілік, бейбітшілік сүйгіш мерекемен құттықтағым келеді.

Салман ГЕРОЕВ,

«Вайнах» шешен-ингуш

қоғамдық қорының құрметті төрағасы




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button