Елорда тынысы

Жаңа қоғамдық кеңістік ашылды



Астана қаласының Алматы ауданындағы Кенен Әзірбаев көшесі, 10, 12 және 14 үйінің жанында жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Астана – жайлы қала» мастер-жоспары аясында қаланың барлық ауданы, әсіресе елордадан сырт­қарырақ орналасқан тұрғын алаптар абаттандыратын болады. Осылайша,  күтімсіз қалған учаскелер мен бос орындар саны айтарлықтай азайып, қала тұрғындары мен қонақтары бос уақытын жайлы және денсаулығына пайдалы түрде өткізе алатын жаңа тартымды орындар көптеп ашылуда.

Елордадағы жаңадан абаттандырылған кеңістікте ойын алаңдары, ойын және демалыс аймақтары, футбол алаңы, әткеншектері бар шатырлар, орындықтар, сондай-ақ арнайы жабын орналасқан. Сонымен қатар, бүкіл абаттандырылған аумақта жаңа жарықтандыру пайда болды және 100-ге жуық түрлі ағаштар, атап айтсақ, жөке, тал-терек және бөртегүл отырғызылды.

– Біз үшін тұрғындардың үйінің жанында абаттандырылған саябақ немесе алаң болуы өте маңызды. Биыл біз тағы 4 қоғамдық кеңістікті абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Жұмыс көп, бірақ біз бәрін орындаймыз! – деді Алматы аудынының әкімі Мақсат Саматұлы.

Жалпы, аудан аумағында 6 саябақ, 30 сквер және 36 қоғамдық кеңістік бар. Бүгінде олардың жалпы ауданы 60 гектарға жетті.

Соңғы жылдары Астанада жыл сайын 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік: саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар абаттандырылуда. Мәселен, өткен жылы Бейбітшілік және келісім сарайы аумағында амфитеатр, қаланың оң жағалауында тағы бір жаяу жүргіншілер жолы, «Встреча» сауда үйі жанындағы қоғамдық кеңістік, «Бейбітшілік және келісім» саябағы, қалалық алаң жаңартылды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button