Мәдениет

Жетігеннің ғажайып үні



Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Қорқыт» этноансамблінің солисі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Гүлдана Нұрабаеваның «Ғажайыпқа толы жетіген» атты жеке концерті өтті.

Концерттік бағдарламада ұлттық музыканың мұралары заманауи өңдеуде, Қазақстан және Еуропа композиторларының шығармалары әуеледі. Атап айтқанда, Ықыластың «Жез киік», Дәулеткерейдің «Көрұғлы», Динаның «Науысқы», Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу», Ермұрат Үсеновтің «Майра», Шолпан Қорғанбектің «Жүрек сыры», Поль де Сенневильдің «Wedding in the dream», Константин Шахановтың «Кельт билері», т. б. отандық және шетелдік композиторлардың шығармалары ойналды.

Гүлдана Нұрабаева – «Жетігенге арналған хрестоматия» кітабының авторы. Оның айтуынша, жетіген – ерекше үнді аспап. «Жетігенге арналған шығармалар аз: бірнеше ғана жинақ бар. Сондықтан мен хрес­томатияға енген әйгілі шығармаларды жетігенге ыңғайлап жасауды ұйғардым. Бұл аспапта классика да, халық музыкасы да керемет естіледі деп санаймын» дейді ол.

Ал «Қорқыттың» көркемдік жетекшісі, Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек Гүлдана Нұрабаеваны жеке орындаушы ретінде көпшілікке таныстыру көптен жоспарланғанын айтады. «Концерттің негізгі идеясы – жеке аспап ретінде қазақтың шертпелі көне аспабы жетігенді насихаттау» дейді Шолпан Қорғанбек.

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button