ӘлеуметБасты ақпарат

Жетім көрсең жебей жүр…



немесе білім саласындағы тәлімгерлік институты бізге не береді?

Қазір елімізде әлеуметтік жағынан аз қорғалған жандар, әлеуметтік әлсіз топтар қорғансыз күйде қалып отыр ма? Бұл топқа белгілі бір жағдайға байланысты үйінен, асыраушысынан немесе еңбек ету қабілетінен айырылған (туғаннан болмаған) азаматтар жатады. Қазақстан халқының әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататындардың жалпы саны 5 млн адамнан астам, бұл – шамамен ел халқының ширегіне жуығы.

«Qoldau» қоғамдық бірлестігі не ұсынады?

Білім беру орындарындағы «Qoldau» қоғамдық бірлестігі қамқоршылық кеңесі Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге, әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы жасөспірімдерге, қиын өмірлік жағдайда қалған балаларға қатысты еріктілердің тәлімгерлік тәжірибесін енгізу бойынша «Birgemiz: sabaqtastyq» әлеуметтік жобасын іске асырып келеді. Білім саласында «Тәлімгерлік» институтын дамытуға бағытталған әдістемелік ұсыныстар әзірленеді.

Бұл жоба Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге, әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы жасөспірімдерге, қиын жағдайға тап болған балаларға қатысты еріктілердің тәлімгерлік тәжірибесін енгізу бойынша үш жыл бойы жүргізіліп келеді.

Қамқоршылық кеңесі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қоғаммен бірге дамып, сіңісіп кетуіне, әлеуметтік ортада тұлға болып қалып­тасуына ықпал жасайды.

«Біз жүйелі, жан-жақты қолдаудың арқасында тәлімгерлік пен ойластырылған әрекеттердің, әлеуметтік және кәсіптік бағдарларды дамытуға және бағдарламаға қатысушы балалардың әлеуетін ашу үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған қарым-қатынас дағдыларының арқасында балалардың өмірі қалай жақсы өзгеретінін көріп отырмыз. Ал оны қамқоршылық кеңесі арқылы іске асыру білім беру ұйымдарында кешенді және жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді» деп бұл туралы «Qoldau» білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестігінің директоры Фарида ­РАЙЫМЖАНОВА бізбен сұхбатында айтты.

– Қоғамдық бірлестік ­қандай мақсатпен құрылды?

– Бүгінгі таңда қазақстандық қоғам білім беру саясатына жауапкершілікпен және нәтижелі ықпал ету, басқарушылық шешімдер қабылдау, білім берудің барлық субъектілері үшін салауатты әлеуметтік орта құру мүмкіндігімен байланысты білім берудің әртүрлі мәселелерін шешуде мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимыл жүріп жатқан кезде белгілі бір өзгерістерге ұшырайды.

Елімізде әртүрлі өмірлік қиын жағдайға тап болған және де бұл жағдайды өз бетімен немесе отбасының көмегімен жеңе алмайтын көптеген балалар мен жасөспірімдер бар. Бүгінде білім саласының өзінде республика көлемінде 80-ге жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары бар. Ол ұйымдарда 4000-нан астам бала тәрбиеленуде

ҚБ құрудағы мақсат – білім беру ұйымдарында ҚК қызметін жандандыру, өйткені ҚК-нің басты мақсаты – балалардың құқығы мен мүдденің орындалуын қоғамдық бақылау, осы бағытта олардың қоғамда толыққанды тұлға болуына жәрдемдесу. Мәселен, 2019 жылы қыркүйекте Қазақстанда алғаш рет «Qoldau» білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестігі құрылды және бұл азаматтық сектор – қамқоршылық кеңестер сияқты маңызды институттың дамуына қосылатын бірегей тәжірибе.

– Қоғамдық бірлестіктің басты миссиясы қандай?

– Біздің миссия – «Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестерін институционализациялау арқылы қоғамдық сананы жаңғыртуға көмек көрсету, өйткені болашақ ұрпақты тәрбиелеу – барлығымызға ортақ іс. Бұл – үлкен әрі жауапкершілікті талап ететін міндет. Біз, қоғамның саналы азаматы ретінде, қоғамдағы балаларымыздың тәрбиеленуі мен білім алуына жауапты екенімізді жадымызда сақтауға тиіспіз және де «ойын ережелерін» бірлесіп белгілеуіміз керек, өйткені бұл балаларымыздың игілігі үшін, қоғамымыздың болашағы үшін қажет.

– Іске асырылып жатқан жоба туралы қысқаша айтып өтсеңіз.

– Қамқоршылық кеңестегі тәлімгерлік жүйе білім беру орындарындағы қамқоршылық кеңесі «Qoldau» қоғамдық бірлестігі балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге, әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы жасөспірімдерге, қиын өмірлік жағдайда қалған балаларға қатысты еріктілердің тәлімгерлік тәжірибесін енгізу бойынша «Birgemiz: sabaqtastyq» әлеуметтік жобасын іске асырады.

Тәлімгерлік жүйесін енгізудің негізгі құралы – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйіндегі қамқоршылық кеңесі. Тәлімгерлік – жетім балаларға көмектесудің ең тиімді және маңызды әдістерінің бірі. Бұл – ересектер мен баланың арасындағы жеке қарым-қатынас, ол жетім балаларға өзінің қажет екенін түсініп, әлемге деген сенімін қалпына келтіруге көмектеседі. Біз жүйелі, жан-жақты қолдау арқасында тәлімгерлік пен ойластырылған әрекеттердің, әлеуметтік және кәсіптік бағдарларды дамытуға, бағдарламаға қатысушы балалардың әлеуетін ашу үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған қарым-қатынас дағдыларының арқасында балалардың өмірі қалай жақсы өзгеретінін көріп отырмыз. Оны қамқоршылық кеңесі арқылы іске асыру білім беру ұйымдарында кешенді және жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді.

– Жоба аясында қандай іс-шаралар қамтылып жатыр?

– Жоба аясында тәлімгерлік жүйесін қалыптастыруға бағытталған республика көлемінде бірқатар ауқымды іс-шаралар қамтылуда. Соның бірі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қыз­меткерлеріне, қамқоршылық кеңес мүшелеріне арналған онлайн-тренинг форматында «Qoldau тәлімгерлік платформасы» атты оқыту бағдарламасы жүзеге асырылды.

Бағдарлама аясында қатысушылар тәлімгерлердің кім екенін, олардың мақсаты мен міндеті қандай екенін, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың эмоционалдық мінез-құлқы туралы не білуі керек, қандай ерекшелігі бар екенін білді, сондай-ақ тәлімгерлерге баламен тиімді қарым-қатынас жасау және балалардың мінез-құлқының себептерін түсіну дағдыларын қалыптас­тыруға көмегін тигізді.

Сонымен қатар еріктілерді тәлімгерлік тәжірибеге тарту мақсатында шағын гранттар байқауы ұйымдастырылып, еліміздің өңірлерінен 100-ге жуық өтінім берілді, соның ішінен әртүрлі тақырыпты қамтитын 30 әлеуметтік жоба жеңімпазы анықталды. Байқаудың мақсаты – еріктілерді тәлімгерлікке тарту, олармен серіктестікті нығайту, балаларды әлеуметтендіруге көмектесу, олардың өмірлік, кәсіби дағдыларын қалыптастыруына ықпал ету. IT саласы, тігін тігу, бьюти саласы, балық аулауды үйрену, суретке түсіру, спорт, кәсіби сурет салу, кітап оқуға құштарлықты арттыру.

– Шағын гранттар туралы толығырақ айтсаңыз.

– Осы жылы біз шағын гранттар байқауын ұйымдастырдық және барлық грант иегерлері тамаша жұмыс істеді деп айта аламыз. Бұл – интернаттық мекемелерде тәлімгерлік қыз­метті дамытудың тағы бір жолы. CISC және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен 300000 теңге – 30 грант бөлінді. Грант иегерлері Қазақстанның барлық аймақтарындағы ҮЕҰ және бастамашыл топтар болды. Жобалардың бағыты әртүрлі болды, бұл бізді қуантпай қоймады. Сондай-ақ терезе мен киім-кешек шығару, тамақ дайындау, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт үйірмелері ұйымдастырылды. Балаларды коммуникативті және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларына баулу, балық аулауға, SMM контентін жасауға және маникюр жасауға үйретті. Бұл – біздің грант иегерлерінің 3 айда қол жеткізген жұмысының аз ғана бөлігі.

Шағын гранттарды ұйым­дастыру – интернаттық мекемелерде тәлімгерлік қызметті бастауға жақсы ынталандыру. Қиын жағдайда қалған балаларға көмектескісі келетіндерге жақсы мүмкіндік болды.

– Тәлімгерлік не үшін ­керек?

– Жасыратыны жоқ, әртүрлі өмірлік қиын жағдайға тап болған және де бұл жағдайды өз бетімен немесе отбасының көмегімен жеңе алмайтын көптеген балалар мен жасөспірімдер бар. Бүгінде білім саласының өзінде республика көлемінде 80-ге жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары бар. Ол ұйымдарда 4000-нан астам бала тәрбиеленуде.

Тәлімгерлік – өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көмектесудің ең тиімді және маңызды әдістерінің бірі. Бұл – ересектер мен баланың арасындағы жеке қарым-қатынас, ол балаға өзінің қажет екенін түсініп, әлемге деген сенімін қалпына келтіруге көмектеседі.

– Тәлімгерлік туралы енді ғана ойланып жүргендерге қандай кеңес беруге болады?

– Ең бірінші кеңесім – қиындықтардан жасқанбау, өзіңізге не керек екенін түсіну, бар біліміңізбен, тәжірибеңізбен, уақытыңызбен, рухани байлығыңызбен бөлісуден тартынбаған дұрыс. Өзіңізге мұқтаж адамдар үшін қажетті екеніңізді сезініп, мағыналы өмір сүруге тырысқан жөн.

– Жобаның өміршеңдігін, болашағын қалай елестетесіз?

– Біздің жоба республика көлемінде, еліміздің барлық өңірлердегі жетім және ­ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, өмірлік қиын жағдайда қалған балаларға арналған ұйымдарда тәлімгерлік тәжірибесін насихаттап, Қазақстанда алғаш рет құрылған бірегей білім беру ұйымдарындағы «Qoldau» қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестігі арқылы азаматтық сектор – қамқоршылық кеңес институтын дамыту үшін бағытталған. Институт, колледж, мектеп, интернаттық мекемелермен тікелей тығыз байланыс арқылы тәлімгерлік жүйенің әлеуметтік инфрақұрылымын әрі қарай өркендетуді мақсат етеміз. Қамқоршылық кеңестің мүшелері: ата-аналар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, меценаттар, Мәжіліс, Сенат депутаттары, қоғам қайраткерлері. Білім беру ұйымдарындағы «Qoldau» қоғамдық бірлестігі осы қамқоршылық кеңестерін біріктіріп, шоғырландыратын жалғыз ұйым. Сондықтан ол – мемлекеттік ұйымдар мен қоғамдық ұйымдардың арасындағы алтын көпір. Бұл ретте жобаның өміршеңдігіне кәміл сенеміз. Тәлімгерлік жүйенің әлеуметтік инфрақұрылымы құрылып, ауқымды волонтерлік қауымдас­тық нығайса, қолдаушы қоғам қалыптасқанда, өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды толық қамтитын боламыз.

 

 

 

 


Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button