Білім

Инклюзивті білім береді



Бүгін Астана қаласында жаңадан ашылған №96 мектеп-гимназиясында 250-ге жуық бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын алғаш рет аттады. Мектептің бір ауысымда 1200 оқушыны, екі ауысымда 2400 оқушыны қабылдайтын жобалық қуаты бар. Оқыту екі тілде жүргізіледі. Мұнда инклюзивті білім беру үшін барлық жағдай жасалған.

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов жаңадан ашылған  гимназияда өткен салтанатты іс-шараға қатысты.

– Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектептеріне оралып отырған оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтаймын, – деді ол өз сөзінде.

– Мектепте мамандандырылған пәндік кабинеттер, робототехника және STEM кабинеттері, инклюзияны қолдау кабинеттері, ЕДШ, кәсіптік дайындық кабинеттері, оқу залы бар кітапхана, спорт және акт залдары, 400 орындық асхана бар. «AMANAT» партия­сы елордалық филиалының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасы аясында 2027 жылға дейін 53 мектеп салу қарастырылған. Оның 11-і биыл салынады. Олар әлеуметтік нысандардың қажеттіліктерін ескере отырып, қаланың барлық ауданында орналасқан. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру басталды, оның шеңберінде 2025 жылға дейін елордада 90 000-ға жуық оқушы орнына арналған 24 мектеп салу жоспарланған, – деді Е.Каналимов жаңа мектептің ашылу салтанаты кезінде.

2023-2024 оқу жылында берілетін 11 мектептің әзірге 4-еуі ашылды, қалғаны оқу жылының соңына дейін пайдалануға берілмек.


Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button