Елорда тынысы

Инфрақұрылымдық мәселелер шешілуі керек



Елордада тонау, бопсалау, интернет-алаяқтық, көлік ұрлау сияқты қылмыстардың ашылуы жақсарды. Соңғы 5 жылда, халық санының тұрақты өсуіне қарамастан, қылмыс саны 2 есеге азайды. Бұл туралы елорда мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов мәлім етті. Оның айтуынша, биыл бас қалада 8 учаскелік және 3 модульдік полиция пунктінің құрылысы жоспарланған.

«Астананың жаңа ауданының құрылуына байланысты Нұра ауданының полиция басқармасы үшін ғимарат салу қажеттілігі туындап отыр. Сол жағалауда қосымша арнайы жедел әрекет ету жасағын орналастыруға болар еді. Осыдан бірнеше жыл бұрын мәслихат депутаттары штат саны 900-ге жуық адамға жететін арнайы жедел әрекет ету жасағы үшін Есілдің оң жағалауынан ғимарат салу үшін ақша бөлуді қолдағаны мәлім. Осыған орай, мәслихаттағы басқосуда елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі, сондай-ақ қылмыстарды жедел ашу үшін тұрғын үй кешендерінің ауласында, кіреберісінде бейнебақылау камерасын көбейтуге назар аудардым» деді мәслихат төрағасы.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button