Елорда тынысы

Конституция – ел тірегі



Достық үйінде Конституция күніне арналған «Адал азамат – Ата заңның тірегі» атты конференция өтті. Оған ғалымдар, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.

Екі жыл ішінде елде референдумға сай Президент, Парламент сайлауы өтіп, ауқымды саяси-қоғамдық өзге­рістерге бағыт алдық. Сөйтіп, биліктің институттары басқаша сипатта дами бастады. Қазір шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысу мүмкіндігі едәуір кеңейіп, адам құқығы мен бостандығын қорғау жүйесі нығайды. Осының бәрі Конституцияның негізінде жүзеге асуда. Ғалымдар мен қоғам белсенділері осы турасындағы өз ойын білдіріп, заң нормалары елді демократияландырудағы орнына тоқталды.

Дөңгелек үстел форматында өткен басқосуда қала әкімінің орынбасары Есет Байкен модератор болса, Сенат депутаты Евгений Больгерт, Мәжіліс депутаты Марат Башимов, Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы ассамблея­сы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Индира Рытина, Астана қаласы ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Тілеген Садықов арнайы қатысты. Қазақстан заңгерлер қауымдастығының атқарушы директоры Серік Беркамалов, «Нағыз Желтоқсан» қоғамдық қорының президенті Құрманғазы Рахметов, «Радима» белорус мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің басшысы Дмитрий Останькович Ата заңның ел бірлігі мен берекесін арттырудағы орнын сөз етті.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button