Елорда тынысы

Күшейтілген жұмыс режиміне көшті



10 қазанда сағат 21.00-ден бастап стационарлық бақылау бекеттерінің базасында елорда аумағына кіруді бақылау күшейтілді.

Елордада мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының қатысуымен ірі халықаралық іс-шараларды өткізуге байланысты Астана полицейлері кешеден бастап қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті.

Стационарлық бақылау бекеттерінің базасында елорда аумағына кіруді бақылау күшейтілді, бекеттерде қызмет атқаруды тәулік бойы құрамында полиция қызметкерлері мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері бар мобильді топтар жүзеге асырады. Көші-қон заңнамасын бұзу әрекеттерінің алдын алу және жолын кесу мақсатында 1 қазаннан бастап «Учаске» Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Астана қалалық Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды және ыңғайлы болу үшін қоғамдық көлікті пайдалануды ұсынады. «Қауіпсіздік және көлік кідірістерін болдырмау үшін жол жүру маршруттарын алдын ала жоспарлауды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ұсынамыз» делінген хабарламада.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button