Елорда тынысы

Махатма тұғырға қонды



Астана қаласында Үндістан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері Махатма Гандидің ескерткіші бой көтерді.

Салтанатты іс-шарада Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев Қазақстан мен Үндістанның дипломатиялық байланыс орнауына 30 жыл толуына орай Нью-Делиде Абай ескерткіші ашылса, бүгін Махатма Гандидің ескерткіші Астанада бой көтергенін айтты.

Үндістанның Мемлекеттік сыртқы істер және мәдениет министрі Минакаши Лекхи қазақстандық әріптестеріне алғыс білдіріп, бұл ескерткіш екі ел достығының нышаны болады деді.

Астанада Махатма Гандидің мүсіні Қазақстан Үкіметі және Астана қаласы билігінің қолдауымен ескекші арнасы жағасында, арнаның бо­йындағы Қазақстанның Отан қорғаушылары ескерткішіне қарама-қарсы орнатылды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button