Мәдениет

Мәмлүк мемлекетін жандандырған



Ұлттық музейде «Бейбарыс сұлтан: Мәмлүк мемлекетінің жандануы мен өркендеуінің бастауы» атты фото және архив құжаттарының көрмесі ашылды. Шараны Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығы аясында Ұлттық музей мен Ұлттық архив бірлесіп ұйымдастырды.

Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Манал әл-Шиннауи өз сөзінде Бейбарыс сұлтан ислам тарихында орны ерекше тұлға екенін айта келе, оның Мысырдың саяси-әлеуметтік және экономикалық дамуына үлкен үлесін атап өтті.

– Биыл Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын мәдени және саяси тұрғыдан тиісті деңгейде атап өтудеміз. Себебі оның қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Алда Каирде даңқты патша, дарынды қолбасшыға арналған мешіттің ашылуы жоспарланған. Мерей­той аясында әрдайым бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деді елші.

Тақырыптық көрмеде Дешті қыпшақ даласында туып, Шам жерінде құлдыққа сатылған, кейін Мысырды билеген Бейбарыс сұлтанның Ұлттық архив қорындағы құжаттар мен архив материалдары, шығыстанушы ғалым Қайрат Сәкидің жеке қорында сақталған фотоматериалдар қойылды. Ғалымның айтуынша, кеше «EXPO» халықаралық көрме орталығында ашылған «Eurasian Book Fair – 2023» VI Еуразия­лық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде де Еуропа, Мысыр, Парижден әкелінген түпнұсқа құжаттар мен тұлғаның өмірі мен қызметі туралы кітаптармен танысуға болады.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button