Елорда тынысы

«Нұрлы жүрекке» қамқорлық



Мәслихат депутаттары стационар жағдайында психикалық дамуы тежелген балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін «Нұрлы жүрек» орталығын аралап, ондағы жөндеу жұмысының барысымен танысты. Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов аталған мекеменің кезек күттірмейтін мәселелері жақын күндері мәслихат жиынында қарастырылатынын мәлімдеді.

«Осы орталыққа медициналық жабдықтар мен арнайы жиһаз сатып алуымыз қажет. Әріптестермен бірге стационарлық бөлімшеде жөндеу жұмысының барысымен танысу барысында осындай қажеттілікті байқадық. Бүгінгі таңда мұнда 118 тәрбие алушы тұрады. Ғимараттардың аумағы заманауи спорттық көше тренажерлерімен және футбол алаңымен, баскетбол және волейбол алаңдарымен жабдықталады. Мекеменің өзекті мәселелерін жақын арада мәслихат жиынында қарастырамыз. Халық қалаулылары әлеуметтік орталыққа жиі барып тұрады. Жақында ғана орталықтың тәрбиеленушілеріне жылы киім мен қысқы аяқ киім сыйға тарттық» деп жазды Е.Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button