Елорда тынысы

Отбасы құндылығы дәріптелді



Елорданың Достық үйінде әртүрлі діни ұйым өкілдері отбасы институты мәселелерін талқылады.

Астана қаласының Дін істері жө­ніндегі басқарма басшысы Нұрдәулет Әлмұханов әлеуметтің өзекті тақырыбы ретінде жастар тәрбиесінің кілті – отбасы екеніне тоқталды. Қоғамда, жастар арасында отбасы құндылығы туралы жағымды пікірлерді нығайта түсетін шараларды қарастырып, оның оңтайлы нәтижеге қол жеткізетініне сенім білдірді.

Қоғамдық даму институтының мәліметінше, елімізде некеге тұру саны төмендеп кеткен. Ал отбасы құрған екі жастың бірге өмір сүру ұзақтығы 4 жылға дейін ғана созылады. Мұндай деректерді Діндерді зерттеу орталығының дінтанушысы Айнагүл Райымбек ортаға салды.

– Біздің мақсатымыз – отбасы құндылығы тақырыбын талдап қана қоймай, қажетті шешім шығару. Мәселен, 2017 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі аралықта елімізде некеге тұру саны төмендеген. Ал ажырасу бойынша бұрын некеде болу ұзақтығы 5-10 жыл аралығында болса, 2020 жылдан бері ол 1-4 жыл аралығына өзгерді. Азаматтық неке бойынша сауалнамаға қатысқандардың ойы 3-ке бөлінген. Бірі оны қолдаса, екіншісі мұндай некені қолдамайтынын жеткізген. Үшінші тарап болса азаматтық некеге бейтарап қарайды. Бұл статистика елімізде отбасы институтының сапасы нашарлап кеткенін көрсетеді, – дейді маман.

Жиынға Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов те қатысты. Оның сөзінше, елордада мешіттер жанынан жанұяларға кеңес беру орталықтары ашылады.


Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button