Мәдениет

Оқушылар «Атамекенді» аралады



Елордада ашық аспан астындағы музей жазғы маусымға орай ашылып, оған 100-ден аса көпбалалы отбасы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар және мүгедектігі бар балалар мен ата-аналар келіп танысты.

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемо­риалдық кешені Астана, Алматы, Шымкент қаласы мен өзге өңірдегі тарихи орындары мен көрнекті ғимараттарын макеттер арқылы таныс­тырады.

«Мұнда екі баламмен келдім. Экскурсоводтар әр өңір туралы қызықты ақпаратпен бөлісті. Маған Астана, Алматы қаласының және Маңғыстау өңірінің макеті ұнады. Бұл орынға алғаш рет келіп тұрмын. Алдағы уақытта отбасымызбен бірге баратын боламыз» деді елордалық көпбалалы ата-ана Сұлушаш Тұрлан.

Мемориалдық кешен күн сайын таңғы сағат 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал әр аптаның дүйсенбі күні демалыс.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button