Басты ақпаратЕл тынысы

Туған елді пойызбен аралайды



Бірнеше жыл қинаған пандемия келмеске кеткендей тынышталып қалдық. Енді бәз-баяғыша жазда өзіміз қайда демалсақ, балаларды қай жерге апарып қыдыртсақ деп бас қатырамыз. Осындайда лагерлер және басқа да түрлі ойын-сауық, демалыс түрлерімен қатар әрі демалыс, әрі танымдық сапар болатын балалардың туристік пойыздарын ұйымдастырар болса, Қазақстанда көріп тамашалайтын, тағылым алатын тарихи жерлер көп-ақ.

2019 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанда 2020 жылдан бастап барлық өңірге тегін «Балалардың туристік пойызы» жобасын іске қосуды жоспарлаған еді. Сол кезде балалар мен жасөспірімдер туризмінде ішкі көші-қон ағынының оң серпінін жасау үшін растайтын құжатты ұсынған жағдайда, «1+2» схемасымен «Kids go free» қағидаты бойынша балалардың тегін авиамаршрутын субсидиялау көзделіпті. Бұл халықаралық тәжірибеде бар және әлемнің көптеген дамыған елінде: Ұлыбритания, Катар, Таити, Скандинавия елдерінде қолданылады екен. Басымдық әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан балаларға, білім байқауының жеңімпаздарына, үздік оқушыларға және басқаларға берілетін болған. Одан бөлек, елдегі балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту үшін Үкімет жанынан тиісті Үйлестіруші кеңесті құру туралы да сөз болған.  Алайда 2020 жылы өршіген коронавирус пандемия­сы бұл жоспардың быт-шытын шығарды.

Бүгінде дертті ауыздықтап, қалыпты өмірге қайта оралдық. Алайда аталған министрлік бұл бастаманы ұмытып кеткен сыңайлы. Министрліктің баспасөз қызметі де мұндай пойыздарды шығару туралы ақпарат жоғын айтты.

2016 жылы бастау алған «Туған елге сая­хат» патриоттық-танымдық пойызына іріктелген балалар Қазақстанның 7 туристік аймағында болады. Аталған пойыз 3 кезеңде қатынайды: 19 және 28 маусым аралығында Астана – Байқоңыр – Түркістан – Алматы – Бурабай – Астана,  2 және 11 шілде аралығында  Астана – Байқоңыр – Түркістан – Алматы – Алакөл – Астана, 19 және 30 шілде аралығында Астана – Алматы – Түркістан – Байқоңыр – Ақтау – Астана аралығын пойызбен аралайды. 9 күннің ішінде оқушылар 5 ірі қаланы аралап, әр қаланың тарихын тереңірек танып, жан-жақтан келген балалармен ­танысады

Тек «Самұрық-Қазына» АҚ-тың «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры  ғана пандемияға дейін 3 жыл жүзеге асырған «Туған елге саяхат» патриоттық-танымдық пойызы жобасын араға үш жыл уақыт салып қайта қолға алды. Алайда бұл жоба бойынша 600 бала ғана қамтылады. Оның 300-і аталған компания қызметкерлерінің балалары болса, қалған 300-і «Өз өңірімді өркендеткім келеді» тақырыбында шығарма жазу арқылы іріктеледі. Ол үшін 10-15 жас аралығындағы балалар жазған шығармасын poezd2023@list.ru электронды поштасына 10 маусымға дейін жолдады. Байқау жұмыстары мемлекеттік немесе орыс тілінде қабылданды. Үздіктерді қазылар алқасы анықтауда. 2016 жылы бастау алған «Туған елге саяхат» патриоттық-танымдық пойызына іріктелген балалар Қазақстанның 7 туристік аймағында болады. Аталған пойыз 3 кезеңде қатынайды: 19 және 28 маусым аралығында Астана – Байқоңыр – Түркістан – Алматы – Бурабай – Астана,  2 және 11 шілде аралығында  Астана – Байқоңыр – Түркістан – Алматы – Алакөл – Астана, 19 және 30 шілде аралығында Астана – Алматы – Түркістан – Байқоңыр – Ақтау – Астана аралығын пойызбен аралайды. 9 күннің ішінде балалар 5 ірі қаланы аралап, әр қаланың тарихын тереңірек танып, жан-жақтан келген балалармен танысады. Сонымен қатар қалалар арасындағы жолсапарда балалар түрлі үйірмелер мен шеберлік сабақтарына қатысып, уақытын қызықты өткізеді. Аталған стансаларда пойыз 1-2 күн аялдаған кезде балалар сол өңірдегі тарихи  жерлерді асықпай аралап үлгереді. Қонуға вагондарға қайтып келеді. Балалардың пойыздағы қауіпсіздігі, денсау­лығы, тамағы, ойын-сауығы үшін арнайы мамандар – топ жетекшілері, теміржолшылар, дәрігерлер, аспаздар және тағы басқа да сала қызметкерлері тартылады. Олар жол бойына бірге жүріп, балаларды бақылауда ұстайды.

– «Самұрық-Қазына» АҚ-тың құрамына «ҚазМұнайГаз» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ сияқты басқа да ірі-ірі компанияларды қосқанда 20-дан астам портфельдік компания кіреді. Ал біздің «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры  осы компанияның бірыңғай қайырымдылық операторы ретінде аталған жобаны жүзеге асырады. Үкіметтік емес ұйымдардан түскен ұсынысқа орай әрі биыл қордың 15 жылдығы аясында балалар пойызын қаржыландыруға шешім қабылдадық. Биыл пойыз жұмысына ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және демографиялық мәселелер бойынша ұлттық комиссия өкілдері қатысып жатыр, – дейді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры корпоративтік қызметінің бас менеджері Алдаберген Кемпірбаев.

Еліміздегі жалғыз патриоттық пойызды ұйымдастырушы қор өкілдері ниет болса, бұл жобаға көп қаржы кетпейтінін жеткізді. 2016 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан жобаны қаржыландыратын мүдделі мемлекеттік органдар болса, жолаушылар тасымалымен қамтамасыз етуде қиындық жоқ. Ел болашағын патриот, тарихын терең білетін, туған жерінің ерекшелігімен мақтанатын етіп тәрбиелеуде мұндай жобалардың берері мол.


Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button