Қала мен Сала

Тұрғындармен кездесті



Алматы ауданының әкімі Мақсат Саматұлы аудан тұрғындарымен кездесуін жалғас­тыруда.

Аудан әкімі алдымен Күйші Дина көшесі, 25/1 мекенжа­йына барды. Үйдің тұрғындары осы маңдағы ойын алаңының астынан өтетін жылу трассасын ауыстыруды алға тартты. Бұл ретте аудан әкімі комму­никацияларды балаларға қолайсыздық туғызбайтындай етіп орналастыруға және жобаны кезең-кезеңімен реттеуге болатынын тексеретінін атап өтті.

Одан кейін аудан әкімі жауапты тұлғалармен бірге Қаныш Сәтбаев, 11/5 және Қайрат Рысқұлбеков, 16/3 көшелеріндегі жол учаскелерінде су бұру жүйелерінің жай-күйін тексерді. 2023 жылы ауданда барлығы 53 учаскеде нөсер су кәрізін салу жоспарлануда.

Кездесу соңында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Жамбыл Жабаев көшесі, 12/2 мекенжайындағы аула тексерілді. Онда тротуарлар жабдықталып, ойын алаңдары салынды, алдыңғы бақтар қоршалып, жарықтандыру жұмысы іске қосылды.

Алдағы күндері балалар ойын кешендері мен көше тренажерлері орнатылады деп күтілуде.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button