Қала мен Сала

Тұрғын үйлердегі өрт азайды



Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Mемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы мен «Астана-Энергия» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Көпешов биылғы жылыту маусымының қалай өткені және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданғаны туралы баяндады.

Жылыту маусымына дайындық кезеңі алдын ала басталғанын айта келе, басқарма бас­тығы осы кезеңде көбіне тұрғын үй секторында газ-баллон және пеш жабдықтарын дұрыс пайдаланбау орын алатынын, дегенмен өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылыту маусымы барысында тұрғын үйлердегі өрт жағдайы 14 па­йызға төмендегенін атап өтті.

– 2022-2023 жылдардың өткен жылыту кезеңінде Астана қаласының аумағында тұрғын үй секторында 196 өрт тіркелді, оның ішінде: уақытша үйлерде (времянка) – 11, гараждарда – 8, жатақханаларда – 4, ауладағы жайларда – 40, жеке үйлерде – 57, монша, сауналарда – 18, саяжайларда – 4, көппәтерлі тұрғын үйлерде – 57. Тұрғын үй секторындағы өрттің қауіпті факторларынан 31 адам жарақат алды, түтіннен уланудың 49 жағдайы тіркелді. Өрт кезінде 89 адам, оның ішінде 38 бала құтқарылды. 2022-2023 жж. жылыту кезеңінде өрттің, өлімнің және жарақаттанудың алдын алу мақсатында департамент жергілікті атқарушы органның, еріктілердің, Тұрғын үй инспекциясы басқармасының, ішкі істер органдарының өкілдерімен бірлесіп жеке тұрғын үй секторын аралау бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізді, олар 3 кезеңге бөлінді, – деді Еркін Отарғалымұлы.

Mемлекеттік өрт бақылау басқарма бастығының мәлімдеуінше, өрттің алдын алу іс-шараларының бірінші кезеңі халықтың әлеуметтік осал топтары арасында өткізілді, онда 1110 отбасының ішінен профилактикалық аралау барысында түзету жүргізілді. Көрсетілген 1110 отбасының 74-і көрсетілген мекенжай бойынша тұрмайтын болып шықты. Халықтың бұл санаты аулаларды аралауды ұйымдастыру арқылы өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстармен толық қамтылған. Аралау барысында өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша 970 бұзушылық анықталды.

2022-2023 жылдардың өткен жылыту кезеңінде Астана қаласының аумағында тұрғын үй секторында 196 өрт тіркелді, оның ішінде: уақытша үйлерде (времянка) – 11, гараждарда – 8, жатақханаларда – 4, ауладағы жайларда – 40, жеке үйлерде – 57, монша, сауналарда – 18, саяжайларда – 4, көппәтерлі тұрғын үйлерде – 57

2022-2023 жылдардағы жылу беру кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйінде 11 өрт тіркелді, бұл тұрғын үйлерде болатын тілсіз жаудың өткен жылдағы маусыммен салыстырғанда 14 пайызға төмендегенін көрсетіп отыр.

– Қала әкімдіктерінің қолдауымен көміртегі тотығының дербес датчиктерін орнату тәжірибесі жалғасты. Аталған сектор бойынша бірнеше рет рейд іс-шаралары өткізілді. Кейбір тұрғындар жадынамалар мен нұсқаулықтарды тапсырғаннан кейін анықталған кемшіліктерді жою бойынша дербес шаралар қабылдады. Жергілікті атқарушы органдар улы, табиғи газ, түтіннен болатын түрлі мақсаттағы датчиктерді орнату бойынша жұмыстарды белсенді түрде жүргізіп жатыр. Мәселен, жылыту кезеңінде көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, зейнет­керлер тұратын үйлерде, атап айтсақ, Алматы ауданында – 50, Байқоңыр ауданында – 105, Есіл ауданында – 109 және Сарыарқа ауданында 116 көміртегі тотығын анықтайтын 380 датчик орнатылған. Бұл жұмыс өзінің оң нәтижесін көрсетті, атап айтқанда, сенсордың сәтті іске қосылуы нәтижесінде 6 адам құтқарылды. Сондай-ақ, 03.12.2022 жылы Астана қаласы, Ақсу-Жабағалы көшесі, 23-үй мекенжайы бойынша датчик орнатылды. Сәтті іске қосылу нәтижесінде 06.12.2022 жылы 6 адам құтқарылды, – деді Нұрлан Көпешов.

Өрттің алдын алу іс-шараларының екінші кезеңінде 1268 үйді аралап, барак, жалдамалы тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы жалғасты. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жатақханаларда көпбалалы отбасылар тұратынын көзбен көрдік. Олардың басым бөлігі жас балаларды қараусыз қалдырады, сондай-ақ азаматтар, оның ішінде жалақыға келетін шетел азаматтары тұрады. Өткен жылыту кезеңінде, 2022-2023 жылдары, барак үйлерде 4 өрт болды. Алдыңғы жылы 9 тілсіз жау тіркелсе, биылғы жылыту маусымында осындай жағдай 55,6 пайызға төмендеді.

Профилактикалық аралаумен 5207 саяжай үйі қамтылды, онда да түзету жұмысы жүргізілді, 21 саяжай үйі бұзылғаны анықталды, адамдар тұратын 5189 саяжай үйі профилактикамен қамтылды.

Үшінші кезең негізгі тұрғын үйлерде өткізілді. Ауланы аралау бойынша 39049 тұрғын үйде тексеру жүргізіліп, онда 28950 ӨҚЖ бұзушылық анықталды. «Қызыл Жарты Ай», «Жас Отан», «Астана жастары» КММ ұйымдарда және тұрғын алаптарда қаланың волонтерлік ұйымдарын жұмылдыра отырып, жалпы саны 4589 адамды құрайтын 278 жиналыс, жиындар, нұсқамалар мен дәрістер ұйымдастырылды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button