Қала мен Сала

Тәлімгер кеңес береді



Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті жанынан алғаш рет «Тәлімгерлер кеңесі» құрылып, консультативтік-кеңесші органының бірінші отырысы өтті.

Кеңестің құрамында білікті әрі тәжірибелі мемлекеттік қызмет ардагерлерінен құралған 9 мүше бар. Алдағы уақытта олар жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының кәсіби бейімделуіне көмек көрсетеді. Сонымен қатар кадр құрамының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Жас қызметшілерге жұмысты тиімді жоспарлауды үйрете отырып, қиын кезде оңтайлы шешім қабылдауға бағыт-бағдар береді.

«Бұл кеңес – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасы. Тек Астана қаласында емес, басқа өңірлерде де құрылады. Кеңес мүшелері өңірдегі жұмысты бастап кеткен. Бұл жоба арқылы жастар білікті мамандармен тәжірибе алмасып, түрлі мемлекеттік басқарудағы әдіс-тәсілді меңгере алады» деді өз сөзінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы, «Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының тең төрағасы Әли Көмекбаев.

Маңызды ұйымның алғашқы отырысына қалалық ардагерлер ұйымының өкілдері мен Астана қаласы әкімдігіне қарасты органдардың басшылары қатысты. Онда ұйым мүшелері жаңадан қызметке сайланған басшыларға өзінің еңбек жолын айтып, тәжірибесімен бөлісті.

– Тәжірибемді қолданайын деп жастарға тәлім-тәрбие беруге, олармен пікір алмасуға, ұсынысымды айтуға, әрине, дайынмын. Ақыл тыңдап, ақыл тоқтатқан адам еш­уақытта азбайды да, тозбайды да, – деді «Qazindustry» АҚ тәуелсіз директоры, «Тәлімгерлер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының мүшесі Ерсұлтан Бектұрғанов.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button