Мәдениет

Халықаралық турнир басталды



Кеше Астанада халықаралық «Qazaqstan Hockey Open 2023» турнирі басталды.

5-7 мамыр аралығында өтетін турнирге Қазақстан, Ресей және Беларусь командалары қатысады. Қазақстан құрамасы кеше кешке алғашқы матчын Ресейге қомандасына қарсы өткізді. Ертең Беларусь құрамасымен шеберлік байқасады.

Бұл халықаралық турнир Қазақстан хоккейшілері үшін әлем чемпионаты алдындағы даярлықтың бір кезеңі ретінде қаралып отыр.

Ал 13 мамырда Қазақстан ұлттық құрамасы Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қаласында өтетін әлем чемпионатында В тобындағы ойынын бастайды. Қарсыластары – Канада, АҚШ, Швейцария, Словакия, Латвия, Норвегия және Словения.

Қазақстандық хоккейшілер топтық кезеңдегі ойындарын Рига қаласында өткізеді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button