Қала мен Сала

Шомылу маусымы аяқталды



Елімізде 1 қыркүйекте суға түсу маусымы ресми түрде аяқталды. Шомылу маусымы басталғалы бері 1 750 рейдтік іс-шаралар өтті.

Астана қаласы Байқоңыр ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы суға шомылу маусымы басталғалы өрт сөндіру бөлімшелерімен, полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, шомылу маусымында судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізді.

Шара барысында Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімінің аппаратымен бірлесе отырып, тыйым салынған жерлерге 75 тыйым салу белгілері мен 4 ақпараттық стенд орнатылды.

Суға түсу маусымы басталғаннан бері үгіт-насихат жадынамаларын таратумен қоса, 1 750 рейдтік іс-шаралар өткізілді. ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабымен 55 адам, ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабымен 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта маусымның аяқталуына орай, рейдтік іс-шаралар барысында су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары бойынша халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, үгіт-насихаттау парақшалары, жадынамалар таратылды.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button