Елорда тынысы

Ынтымақтастық бағыттары айқындалды



Елордаға инвестиция тарту – қала экономикасын дамытудың маңызды факторы. Осы орайда Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаев Сингапур делегациясы өкілдерімен кездесті.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инновациялар мен интернационалдандыруды қолдау мақсатында құрылған Сингапур делегациясымен басқосуда елорда мен Сингапур арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары айқындалды. Екі ел арасындағы ынтымақтастық қала экономикасының дамуына қосымша серпін бола алады, сондай-ақ, оның әлемдік экономикалық қауымдастықта мәртебесін нығайтуға көмектеседі.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button