Қоғам

Экономикаға серпін беретін екі түйін



– Президент Жолдауында еліміздің экономикалық жағдайын түбірінен өзгертуге мүмкіндік беретін екі үлкен жаңалық бар.

Бірінші, блоктік бюджеттеу. Бұрын бюджет орталықтан бөлініп, жергілікті әкімдіктер соны тек игеруге күш салатын. Ал блоктік жүйе бойынша белгілі бір сома жергілікті әкімдіктің қарауына беріледі, олар өз қажеттері бойынша жоспар жасап, қаржыны игеріп, соңынан тиімділік көрсеткіштері (KPI) арқылы есеп береді. Ол «сенім лимиті» деп аталады. Бұл жергілікті өңірлерге қаржыны тиімді жұмсауға жол ашады. Ал қазір орталық органдар мен Қаржы министрлігі қаржының жұмсалу жоспарын жасап, оны бөліп болғанша жарты жыл өтіп кетеді. Бұл біздің елдегі көп жұмыстың уағында жүрмеуіне үлкен кедергі болып тұрған себептердің бірі еді.

Екіншіден, қосылған құнға салынатын салықтың (НДС) жергілікті бюджетте қалуы. Қосылған құнға салынатын салықтардың екінші деңгейлі бюджетке түсуі өңірлерден жиылатын салықтың түгелдей орталыққа кетпей, бір бөлімі аймақтарда қалатынын аңғартады. Демек, енді аймақтардың өздерінің бюджетінде ақша болады. Егер аймақтар осы қаржыны өнімді түрде жұмсай алатын болса, бұл өңірлердің дамуын алға сүйрейді. Сонымен қатар, жергілікті бюджетке қаржы түскеннен кейін әкімдіктер өңірдегі өндірісті дамытуға, жол салып, турист тартып деген сияқты әдістермен экономиканы жандандыруға күш салады. Бұл аймақтар афрасындағы бәсекелестікті де арттырады. Себебі орталықтан бөліп берген нан секілді экономикалық қаржыландыру жүйесі әкімдерді дайын асқа тік қасық қылды. Қазіргі әкімдердің көбі жергілікті орынның қазыналық түсімін молайтуға бас қатырмай, дайын қаржыны игеруге ғана күш салып отыр. Бұл – өңірлік дамуға үлкен кедергі.

Айбар ОЛЖАЕВ,

Қазақстан орнықтылық қорының менедфжері, қаржы саласының сарапшысы




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button