Елорда тынысы

Энергетиктермен бірлесіп талқылады



Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек «Астана-АЭК» АҚ жұмысымен танысты. Қала басшысы кездесуде қаладағы электрмен жабдықтаудың қазіргі және перспективалы схемасы мәселелерін энергетиктермен бірлесіп талқылады.

«Қаладағы жайлы өмір инженерлік желілердің жұмысымен тікелей байланысты. Қаланың кеңейіп, тұрғындар санының өсуін ескерер болсақ, коммуникацияларға түсетін күш артып келеді. Барлық желілер бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. «Астана-АЭК» АҚ-қа арнайы барып, қаламызды электрмен жабдықтау­дың қазіргі және перспективалы схемасы мәселелерін энергетиктермен бірлесе талқыладық. 2023-2024 жж. жылыту маусымына дайындық аясында 110 кВ әуе желілеріне, 10 кВ әуе желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді, сол сияқты кернеуі 20-10 кВ тарату трансформаторлық қосалқы станцияларының күрделі жөндеу жұмысы аяқталуға жақын» деп жазды Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұдан бөлек, қала әкімі «Мыңжылдық» аллеясы ауданындағы жаңа нысандарды электрмен жабдықтауға қосу үшін 40 МВА трансформаторларын 80 МВА-ға ауыстырып, «Жұлдыз» 110/10 кВ қосалқы станциясын қайта құру жұмысы жүргізілетінін мәлім етті.

«Теміржолшылар елді мекенінің тұтынушыларын қаланың электр желісіне қайта қосу үшін жаңа «Қазбек» 110 кВ қосалқы станциясының құрылысы басталды» деді Жеңіс Қасымбек.

Сол сияқты кездесуде өзге де түйт­кілді мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button